Сот оқуға кеткен шығынды мемлекет пайдасына өндіру туралы сот бұйрығын шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ» Академиясы  борышкер «У»-ден оқуына жұмсалған 576 904 теңге қаражатты мемлекет пайдасына өндіру туралы сот бұйрығын шығару жөніндегі арызбен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарына сәйкес, Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ Академиясы басшысының 24 шілде 2016 жылғы бұйрығымен борышкер «У» Әскери оқу орнына курсант ретінде қабылданған.

24 шілде 2016 жылы борышкер «У» мен Академияның басшысы арасында әскери оқу орнында курсанттардың әскери қызметті өткеру туралы және бір мезгілде әскери оқу орнын бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасының ҰҚК ШҚ–нің офицерлік құрамның лауазымдарында күнтізбелік есеппен он жылға әскери қызметті өткеру туралы  келісім шарт жасалған.

18 қаңтар 2017 жылы  борышкер «У» үлгерімінің төмен болуына байланысты оқудан шығарылған.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 6-тармағының талаптарына сай, үлгерімінің төмен болуы, тәртiп сақтамағаны үшін, басқа да теріс себептер бойынша немесе өз бастамасы бойынша әскери оқу орнынан шығарылған әскери қызметші өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндеттi.

Шымкент гарнизоны әскери сотының бұйрығымен борышкер  «У»-ден мемлекет пайдасына оқуына жұмсалған  қаражат  576 904 теңге және мемлекеттік баж салығы өндірілген.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі