Сот коммуналдық қызметін тұтыну берешегін өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен арызданушы Үшарал ауданының пайдалану бөлімі борышкерден 125 241 тенге коммуналдық қызметін тұтыну берешегін өндіру туралы арызы қаралды.

Борышкер Н.Исаева көрсетілген қызметке белгіленген тәртіппен қосылған. Коммуналдық қызмет берешегін 2012 жылдан бастап төлемеген.

Борышкердің коммуналдық қызмет берешегі 01.01.2017 жылға 125 241 теңгені құраған.

Қазақстан Республикасының АІК 135 бабының 11 тармақшасына сәйкес, іс жүзінде тұтынылған қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін жария шарттардың, сондай-ақ төлеу мерзімі жеткен, белгіленген тарифтерге сай көрсетілген қызметтер үшін өзге де шарттардың негізінде берешекті өндіріп алу туралы арызға сәйкес сот бұйрығы шығарылады.

Сот, Н.Исаевадан мемлекет пайдасына 125 241 теңге коммуналдық қызметін тұтыну берешегін өндіру үшін сот бұйрығын шығарды.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі