Сот қарыз шарты бойынша қарыз ақшаны өндіруді шешті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өндіріп алушы Е.Журканов жауапкер С.Пашаевтан 868 000 теңге көлемінде қарыз ақшаны өндіру туралы арызбен жүгінген.

Өндіруші өз арызында 08.05.2016 жылы С.Пашаевқа 868 000 теңге көлемінде қарыз ақшаны бергені жөнінде екеуінің арасында келісімшарт болды. Келісімшартқа сәйкес С.Пашаев алған қарыз ақшаны 31.12.2016 жылы қайтаруы тиіс болған. Сонымен қатар С.Пашаев Е.Журкановтан аталған сомманы алғаны жөнінде өз қолымен қолхат жазып берген.

Қолхатта көрсетілген күні С.Пашаев алған қарыз ақшаны қайтармаған. Осыған байланысты, ол сот бұйрығын шығарып және С.Пашаевтан 868 000 теңге көлемінде қарыз ақшаны өндіруді сұрайды.

08.05.2016 жылы Е.Журкановтың С.Пашаевқа 868 000 теңге көлемінде қарыз ақша бергені жөнінде келісімшартқа сәйкес, ол қарызды қайтару күні 31.12.2016 жыл болып анықталған.

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен, С.Пашаевтан Е.Журкановтың пайдасына 868 000 теңге көлемінде қарыз ақшаны өндіру үшін сот бұйрығы шығарылды.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі