Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2017 жылғы 29 наурызда «Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша семинар-кеңес өтті.

Бұл іс-шарада әскери сотының судьялары және қызметкерлерімен бірге Қостанай облысы жөніндегі «Күзет» мамандырылған қызметі Басқармасының ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы полиция майоры А. Орманов пен Басқарма батальон командирының орынбасары полиция аға лейтенанты Р. Боранбаев қатысты.

Орманов Қостанай облысы Аманкелді аудандық соты ғимаратының ішінде боьлған оқиға туралы қысқаша мәлімдеп, «Күзет» қызметінің қызметкері  мен сот жасауылдың іс-әрекеттеріне өз бағасын берді. Мұндай жағдайдың пайда болғаны полицеймен өз лауазымдық міндеттерін саллдыр-салақ орындалғаны, сот ғимаратының ішінде бейнебақылау камералардың жоқтығы және  сот жасауылымен процесқа қатысушымен бірге еріп жүрмегені деді.

Әрі қарай «Күзет» қызметінің қызметкері мен сот жасауылы алдын алу және  келешекте мұндай оқиғаларға жол бермеу және өз міндеттерін орындау мақсатында, сот ғимаратына кірген азаматты қол металлдекторы арқылы өткізіп, оның құжатын тексеріп, арнайы қондырғылар мен техникалық жабдықтарды қолданып, келушілердің жеке заттарына қарау жасауға, қажет болған жағдайда жеке қарау жасауға міндетті деп айтып өтті.

Боранбаев біржолғы рұқсаттамаларды процеске қатысушылырға тек қана сот жасауылымен беруін қажет екенін айтты. Сонымен қатар, полицейге  процеске қатысушылардың тізімін алдын ала ұсынуының қажеттігіне назар аударды. Әрине, «Күзет» қызметінің қызметкері  мен сот жасауылы соттың ғимаратындағы қатысушыларының мінез-құлығы тиісті болғанына, сол жағдайға назарларын аударып, ұнемдей бақылауға ұстау міндетті деді.

Соңында осы саладағы мәселелер талқыланып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі