Сот борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотымен 2014 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «32363 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Нұрбеков Ерасыл Еркінбекұлынан келісім шартты жасасқан үшін 1 101 880 теңге көлемінде төленген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралған.

Сот шешіміне сәйкес, жауапкерден «32363 әскери бөлімі» РММ-нің пайдасына 1 101 880 теңге қарыз өндірілген.

Шешім заңды күшіне 22 желтоқсан 2014 жылы енді.

Жеке сот орындаушы А.С.Абдрахмановтан борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулысы, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның талаптарына сәйкес, борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы жиырма айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті болып келетіндіктен сотқа түсті.

Борышкер Е.Е.Нұрбековтың Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы ақулы судьямен санкцияланды. 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі