Сот борышкерден оқуға жұмсалған қаражатты өндірді...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Кайрановтың жоғарғы әскери оқу орындағы оқуына жұмсалған 1 221 840 теңге мөлшерінде бюджеттік қаражатты өндіру туралы арызбен жүгінген.

Арызданушы өз арызында келесіні көрсеткен. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери институты бастығының 15 шілде 2008 жылғы бұйрығымен Кайранов ҚР ҰҚК ӘИ курсанттар тізіміне тұрған және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің заңнамамен бекітілген және берілген келісім шарттын талаптарына сәйкес,  офицерлік құрамы лауазымындағы әскери (арнайы) оқу орнын аяқтаған соң күнтізбелік есеп бойынша 10 жыл мерзіміндегі әскери қызметті өткеру туралы келісім шартқа қол қойылған.

28.06.2012 жылғы бұйрығына сәйкес Кайранов академияны аяқтағаннан кейін 2037 әскери бөлімінің «Орынбай» шекаралық заставасына қызмет атқару үшін жіберілген.

Алайда, Шекара қызметі Директорының орынбасарыны4 14.07.2016 жылғы бұйрығымен аға лейтенант Кайранов ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26 бабы 1 тармағы 13 тармақшасының негізінде, яғни теріс қылықтары үшін әскери қызметтен запасқа босатылған.

Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңының 39 б. 7 тармағына сәйкес, әскери қызметшi әскери оқу орнын (әскери факультетті) аяқтағаннан кейiн әскери қызмет өткеруден бас тартса немесе теріс себептер бойынша немесе өз бастамасы бойынша келiсiмшартты бұзған жағдайда ол өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндеттi. Ұсталуға жататын сома келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға барабар есептеледі.

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен, Кайрановтан мемлекет пайдасына 1 221 840 теңге сомманы өндіру үшін сот бұйрығы шығарылды.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі