Әскери талаптын жарлығын ұстау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотында талап қоюшы А.Ахметованың жауапкер «Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясының 6636 әскери бөлімі» РММ-не жұмысқа қайта орналастыру, лажысыз бос жүрген уақытына қаражат өндіру және 700 000 теңге мөлшерінде моральды зиянды өтеу жөнінде қойған талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, А.Ахметова ҚР Ұлтық гвардиясының 6636 әскери бөлімінде келісім шарт негізінде әскери қызмет өткерген. Бөлім командирінің бұйрығымен қызмет уақытысында дәлелді себептерсіз үш сағат және одан көп уақыт болмағаны үшін әскери қызметтен босатылған.

Талапкер өзін жұмыстан шығару туралы шығарылған бұйрықты заңсыз деп санайды, себебі сол күні ол жұмыста дәлелді себептермен, яғни баласының ауырына байланысты дәрігерге баруына байланысты болмағанын көрсеткен. Көрсетілгендерге сәйкес өз талап арызын толығымен қанағаттандыруды сұраған.

Азаматтық істі талқылай келе сот, талап қоюшының талап арызы оның келісім шарт бойынша әскери қызметші бола тұра және өзіне тиісті шектеулерді қабылдай тұра әскери жарғы талаптарын сақтамай, командирге жұмыста болмау себебтерін айтпағаны үшін қанағаттандырусыз қалдыруға жатады деп шешті.

А.Ахметованың қызметтен босатылуына 6636 әскери бөлім командирі орынбасарының қызметтік тексеріс нәтижесі себеп болған.

Сот шешімімен талапкер А.Ахметованың талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген. 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі