Архив событий

17/09/2016

Сотпен Ұлы Отан Соғысына қатысушысына теңесітірілген тұлға ретінде танудан бас тартылды.

17/09/2016

Семей гарнизоны әскери сотымен К.Сыздыковтың ҚР ҚМ және Павлодар қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасына Ұлы Отан Соғысына қатысушысына теңесітірілген тұлға ретінде тану және арнайы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңын талқылау бойынша семинар өтті

17/09/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді.

Талапкердің талабы қанағаттандырылды

17/09/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында 25744 санды әскери бөлімнің теріс уәжемен әскери қызметтен мерзімінен бұрын босатылған (әскери қызметшінің қызмет орнында дәлелді себепсіз үш сағат және одан аса болмауы) А. Төлепов азаматтан 1 101 880 теңге көлеміндей төленген біржолғы ақшалай сыйақысын өндіру туралы талап арызы бойынша оңайлатылған (жазбаша) тәртібімен азаматтық іс қаралды.

Есептесу анықтамасына сай, тепе-тең қызмет еткен мезгілі бойынша берешегінің қалдығы осы сома болып шықты.

Семей гарнизоны әскери соты Ашық есік күнін өткізеді

17/09/2016

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, соттардағы татуластыру рәсімдерінің қолданылуын түсіндіру мақсатында Семей гарнизоны әскери соты 2016 жылдың 20 қыркүйегінде сағат 15.00-тен 17.30-ға дейін Ашық есік күнін өткізеді.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінің қызықтыратын сұрақтарына Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы мен кеңсе меңгерушісі қабылдайтын болады. 

«Гендерлік теңдік» туралы дөңгелек үстел өткізілді.

17/09/2016

16 қыркүйек 2016 жылы Өскемен гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс Минситрлігі 27943 әскери бөлімінің акт залында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, Ұлттық Ұланы, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердегі әйел кеңестері мен өкілдерінің қатысуымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік» стратегиясын орындау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Медиация туралы» Заңы тақырыбында семинар өткізілді

17/09/2016

Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасымен бекітілген  жұмыс жоспарына сәйкес 16.09.2016 жылы Шымкент гарнизоны әскери сотында  «Медиация туралы»  Заң  тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізілді.

Іс-шараға Шымкент гарнизоны әскери сотының судьялары,  медиаторлар,  үкіметтік  емес  ұйымдардың, яғни  «Жас Отан», «Нұр Әлем», «Қаситет»   қоғамдық бірлестіктердің өкілдері  қатысты.

Сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабақ өткізілді

17/09/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Азаматтық  істер мен материалдарды тіркеу және есепке алу» атты тақырыпта семинар сабақ өтті.

Бас маман Қ.Елдашбаева өз сөзінде, азаматтық  іс жүргізу тәртібімен қаралуға түскен талап арыздар, арыздар мен шағымдар «Арыздар, ерекше, ерекше талап, бұйрық арқылы іс жүргізу журналы» базасында тіркелетін айтып өтті.

Әдеп кодексіне байланысты семинар сабағы өткізілді

17/09/2016

Семей гарнизоны әскери сотының қызметкерлері арасында ҚР мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне байланысты семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағын осы соттың бас маманы Ж.Бекенорва жүргізіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» бекітілгенін, кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.