Архив событий

09/09/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында «Брифинг» өткізілді

09/09/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы Қ.С. Байжанов бұқаралық ақпарат өкілдерінің және гарнизонның әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Сот төрағасы қатысушыларға соттың әділ сот билігін жүзеге асыруы бойынша істеген жұмыстары жөнінде, атап айтқанда, мемлекеттік кіріске кінәлі борышкерлерден өндірілген ақшалай қаржы туралы мағлұмат берді. 

«Сот отырысында бейне-дыбыс жазбасы жүйесін қолдану» тақырыбында семинар өткізілді

09/09/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотында кеңсе меңгерушісі мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот отырысында бейне-дыбыс жазбасы жүйесін қолдану» тақырыбында семинар өткізілді.

Бас маман -сот отырысының хатшысы Ж.Бактиярова өзінің сөзінде сот отырысының жазылуын қамтамасыз ететін, бейне-дыбыс жазбасын техникалық қолдану ережесі туралы айтып өтті. Маман сот отырысының бейне-дыбыс жазбасының сапалы және уақытылы жазылуының маңыздылығын, сондай-ақ бейне-дыбыс жазбасын дискіге уақытылы жазып, сот ісіне тіркеу қажеттілігі жайлы айтты.

Алматы гранизоны Әскери сотында кезекті семинар сабағы өтті

09/09/2016

Алматы гранизоны Әскери сотының жетекші маманы А.Бидильданова сот мамандарының қатысуымен «Хаттарды рәсімдеу және дайындау тәртібі, кіріс және шығыс құжаттарын рәсімдеу тәртібі» атты тақырыпта семинар сбағын өткізді.

Талап арыз толығымен қанағаттандырусыз қалдырылды!

09/09/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотымен талап қоюшы Т.Кайзердың жауапкер «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғаныс күштері бас қолбасшысының басқармасы» РММ-не қатысты берген денсаулығына кеткен ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

«Евразия» телеарнасына сұхбат

09/09/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотының судьясы  Е.Абдуллин капитан Ж.Успановқа қатысты қылмыстық іс бойынша «Евразия» телеарнасының  журналисіне сұхбат берді.