Архив событий

20/09/2016

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін дұрыс орындау» тақырыбында түсіндірме жұмысы

20/09/2016

Қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық әскери сотының кеңсе меңгерушісі сот мамандарына түсіндірме жұмысын жүргізді.                    

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін дұрыс орындау мақсатында өтініштерді есепке алуға жауапты сот жүйесінің қызметкерлеріне, жұмыста қолдану үшін өтініштерді есепке алу және қарау мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілері бойынша түсіндірме жасады.                                                                      

Ақтау гарнизоны әскери соты Ашық есік күнін өткізеді

20/09/2016

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету және халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында Ақтау гарнизоны әскери соты 2016 жылдың 21 қыркүйегінде Ашық есік күнін өткізеді.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінің қызықтыратын сұрақтарына Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы мен кеңсе меңгерушісі қабылдайтын болады. 

Мекен-жайы: Ақтау қаласы  24 ш/а, Ақтау қалалық сотының ғимараты  тел: 8 (7292) 440 023, 440 024.

Қазақстан халқының Тіл мерекесі күніне орай..

20/09/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотында «Қазақстан халқының Тіл мерекесі күні» қарсаңында мерекелік іс – шара ұйымдастырылды. Аталған іс – шараға судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Өтемақы айырмашылығын өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды

20/09/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотымен талапкер әскери қызметкер Б-ның «Әскери бөлім 97617» РММ – не, «ҚР Қорғаныс Министрлігі» РММ –не қатысты өтемақы айырмашылығын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Әскери сотта жаңадан тағайындалған судья ант қабылдады.

20/09/2016

Әскери сотының жалпы отырысында салтанатты түрде Ақтау гарнизонының әскери сотына тағайындалған жаңадан судьяның ант қабылдау рәсімі өтті. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, бұл маңызды шарада Әскери соттың судьялары, отставкадағы судьялар және соттармен қарым-қатынас Кенесінің мүшелері қатысты.

2016 жылдың 17 тамызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақтау гарнизонының әскери сотына судья болып Бақытбек Жұмабекович Омаров тағайындалған.