Архив событий

23/09/2016

Талап арыз қанағаттандырылды

23/09/2016

Сотқа талапкер Е.К.Досбатыровтың жауапкер «12740 әскери бөлімі» РММ-нен зейнетақы жарналарын аударуды міндеттеу  туралы талап арызбен жүгінген.

Сотпен анықталғаны, 12740 әскери бөлімі 2014 жылдың мамыр айынан 2015 жылдың желтоқсан айына дейін ай-сайынғы міндетті зейнетақы аудармаларын жібермеді, ол салымшының транзиттық есеп айналымында расталып отыр және жауапкердің анықтамасы бойынша талапкердің зейнетақы аударымына 346 420 теңге берешек құрап тұр.

22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні.

23/09/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотының маманы Н.Жунисова Ностальжи радиосында «22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні» туралы сұқбат берді.

Өз сөзінде Н.Жунисова  22 қыркүйек күні еліміздің елеулі мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған. Тіл - тұмар, тіл - елдіктің туы. Тілді сақтап, оны келешектің керегіне жарату үшін қызмет ету - өз халқын сүйетін кез келген азаматтың парызы мен міндеті. Ана тілімізді мақтан етеміз.

Семей гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өткізілді

23/09/2016

2016 жылғы  20 қыркүйек Семей гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Ашықтықты, жариялылықты және қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында әскери  сотта ай сайын «Ашық есік күні» өткізіліп отырады.

Шара барысында сот төрағасы А.Ж. Жүнісбеков азаматтарды қабылдады. Төрағаның қабылдауына Семей қаласының тұрғындары сұрақтарымен жүгініп, сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес сот төрағасы түсініктеме берді.