Архив событий

12/09/2016

«Сот кабинеті» электрондық сервисі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

12/09/2016

Соттарды оптимизациялаудың басты бағыттарының бірі, сондай-ақ сот төрелігінің максималды тұрғыдағы жариялығы, электронды ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады.

Осы орайда, Өскемен гарнизоны әскери соты Қазақстан Республикасы Ұллтық Ұланы 5518 әскери бөлімінің ғимаратында әскери қызметкерлердің қатысуымен  «Сот кабинеті» электрондық сервисі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы жаңа тағайындалған судьяны таныстырды

12/09/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.А.Алдабергенов жаңадан тағайындалған судьяны сот ұжымына таныстырды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жыл 17 тамыздағы № 307 Жарлығымен Ақтау гарнизоны әскери сотының судья лауазымына Б.Ж.Омаров тағайындалды.

Салтанатты жиынға әскери прокуратура, әскери полиция, әскери-тергеу басқармасының өкілдері және гарнизонда орналасқан әскери бөлімдердің командирлері қатысты.

Төраға жаңадан тағайындалған судьяны құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Әскери бөлімде өткен семинар сабақ

12/09/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотының судьясы Б.Омаров Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі  2201 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің қатысуларымен  «Гендерлік теңдік» тақырыбында  семинар сабақ  өткізді.

Судья өз баяндамасында гендерлік тепе-теңдіктік саласындағы мемлекеттік саясаттың басты аспектілеріне тоқталды.

Әскери тәртіпті сақтау!

12/09/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотымен талап қоюшы К.Уаткановтың жауапкер Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы, Қазақстан Республикасы Ұлтық ұланының «Шығыс» регионалдық қолбасшылығына қатысты берген «жұмысына қайта орналастыру, оның мәжбүрлі түрде бос жүрген уақытына ақшалай өтемақы және моральдық шығынды өндіру» туралы азаматтық ісі қаралды.

Пошта жөнелтімдері мен хабарламалар жөнінде семинарлық оқу

12/09/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотында мамандардың қатысуларымен «Хат-хабарларды жөнелтудің тәртібі» тақырыбымен семинарлық оқу өткізілді.

 Кеңсе меңгерушісі Г.Себаева кеңсе қызметкерлеріне «Облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың пошта арқылы жолдауға жататын құжаттардың Тізбесіне» сәйкес  қарапайым хатпен, тапсырысты хатпен, тапсырысты ескертпе хатпен, арнайы байланыспен жолданатын құжаттар жөнінде айтып өтті.

Талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

12/09/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі «2038  әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Л.Мұхтархановадан тұрғын үйді жалдауға төленген  қаражатты өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.