Архив событий

07/09/2016

Сот қызметкерлері мен әскери құқыққорғау органдары арасында футбол ойынынан турнир ұйымдастырылды

07/09/2016

Алматы гарнизоны Әскери соты Алматы гарнизоны Әскери прокуратурасымен бірлесіп, әскери - құқыққорғау органдарының қызметкерлері арасында футболдан турнир ұйымдастырды. Аталған турнирге Алматы гарнизоны Әскери сотының судьялары, Алматы гарнизоны Әскери прокуратурасының қызметкерлері, Әскери полиция мен Әскери - тергеу басқармасының қызметкерлері қатысты.

«Сыбайлас жемқорлықпен күресуді нығайтудағы іс-шаралар» атты тақырыпта «Ностальжи» радиосында ақпарат берілді

07/09/2016

6 қыркүйек 2016 жылы Талдықорған гарнизоны әскери сотының бас маманы Б.А.Шамшаевамен «Сыбайлас жемқорлықпен күресуді нығайтудағы іс-шаралар» тақырыбына Ностальжи радиосында мәлімет берілді.

Б.А.Шамшаева өз сөзінде Талдықорған гарнизонының әскери сотымен сыбайлас жемқорлықпен күресуде бірқатар жұмыстар атқарылып жүргенін атап өтті.

Сот үкімін дайындау кезіндегі ерекшеліктері

07/09/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2016 жылғы 7 қыркүйекте төраға А.О. Исабековпен «Жаңа Қылмыстық процестік кодексіне сай сот үкімін дайындау кезіндегі ерекшеліктері» тақырыбымен семинар өткізілді. Іс-шараға судья М.И. Аманжолов пен кеңсе меңгерушісінң міндетін атқарушы А.М. Хасенова және бас маман Н.Д. Махмұтов қатысты.

Семинарды Исабеков ашып, аталмыш тақырып бойынша өз баяндамасын оқыды. Баяндамада сот үкімінің толық түсініктемесі, оның мазмұны мен құрылымыны жөнінде айтылды.