Архив событий

05/09/2016

Сот қызметкерлері мен әскери құқыққорғау органдары арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды

05/09/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотымен әскери құқыққорғау органдары мен сот қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды. Аталған турнирге Алматы гарнизоны Әскери сотының судьялары, Алматы, Қапшағай, Гвардейск гарнизоны Әскери прокуратураларының қызметкерлері, Әскери полиция мен Әскери - тергеу басқармасының және ҚР ҰҚК ШК қызметкерлері қатысты.

Бұл турнир Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған болатын.

Сот залынан...

05/09/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотында «ҚР ҰҚК ШК 2177 әскери бөлімі» РММ-нің С.Кабдоллаевқа қатысты тұрғын үйді жалдау келісімін бұзу туралы және барлық отбасы мүшелерімен бірге қызметтік тұрғын үйден шығару туралы азаматтық ісін қарау аяқталды.

"Қазақ радиосы" эфирінде сұхбат

05/09/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының сот приставы Е.Ержанов «Қазақ радио» эфирінде «Сот ғимаратына келушілер үшін өткізу және объектішілік режим» атты тақырып бойынша сұхбат берді.

Сот приставы Е.Ержанов сот ғимаратына өткізу тәртібі, сот ғимаратына алып кіруге тыйым салынған заттар тізімі мен сотқа келушілердің міндеттері мен құқықтары жөнінде айтып өтті.