Архив событий

08/09/2016

Талдықорған гарнизоны әскери сотында семинар өтті

08/09/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот кабинеті электрондық жүйесі»  тақырыбына семинар сабақ өткізілді.

Шара барысында электрондық ақпараттық сервистің мүмкіндіктері туралы мәселелер талқыланды, атап айтқанда бұл заманауи технологияларды ендіру мен пайдалану сот жүйесінде сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді алып тастайды, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді,- деп аталып өтті.

Қаулыға сәйкес борышкердің мүлкi алынды

08/09/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен 2016 жылдың 1 сәуірде оңайтылған іс жүргізу тәртібімен «2034  әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Сержанов Мерей Сержанұлынан тұрғын үй жалдауға заңсыз төленген 1337097 теңге өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот шешіміне сәйкес, жауапкерден ҚР ҰҚК Шекара қызметі «2034 әскери бөлімі» РММ-нің пайдасына 1337097  теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

«Сот кабинеті» электрондық сервисі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

08/09/2016

Соттарды оптимизациялаудың басты бағыттарының бірі, сондай-ақ сот төрелігінің максималды тұрғыдағы жариялығы, электронды ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады.

Осы орайда, Өскемен гарнизоны әскери соты Қазақстан Республикасы Ұллтық Ұланы 5518 әскери бөлімінің ғимаратында әскери қызметкерлердің қатысуымен  «Сот кабинеті» электрондық сервисі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

«Гибридтік электрондық пошта арқылы сотқа шақыртулар жолдау тәртібі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

08/09/2016

Шымкент гарнизонының әскери сотында сот  қызметкерлерінің қатысуымен «Гибридтік электрондық пошта арқылы сотқа шақыртулар жолдау тәртібі» тақырыбында семинар сабақ өтті. Бас маман - сот отырысың хатшысы А.Турлиева «Гибридтік электрондық пошта» арқылы сотқа шақыртулар жолдау тәртібін түсіндіріп өтті. Гибридтік почта – бұл электрондық құралды пайдалану арқылы алушыға жеткізілетін қағаз почта.