Архив событий

10/09/2016

Мемлекеттік құпияларға рұқсатты рәсімдеу туралы талап арыз қанағаттандырылды

10/09/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен Төлеуов Алмас Муратовичтің Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс  істер жөніндегі Департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік құпияларға рұқсатты рәсімдеу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу

10/09/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында сот мамандары арасында «Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесі» туралы түсіндірме жұмысы өткізілді. Бұл Ереже Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының  2016  жылғы 25  мамырдағы №106 бұйрығымен бекітілген.

«Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істерді қарау» атты тақырыпта семинар өткізілді

10/09/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотының 2016 жылдың 2 жартыжылдық жоспарының 3 тармағына сәйкес, 9 қыркүйек 2016 жылы сот төрағасы Д.Баймакуловтың төрағалық етуімен «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істерді қарау» атты тақырыпта семинар сабағын өткізілді.

Семинар жұмысында сот төрағасы Д.Баймакулов, кеңсе меңгерушісі Ж.Ерубаева, сондай-ақ сот қызметкерлері қатысты.