Архив событий

19/09/2016

«Құжат айналымын қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруға басшылық жасау» атты тақырыпта кезекті семинар сабағы өтті

19/09/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотының 2016 жылдың 2 жартыжылдық жоспарының 4 тармағына сәйкес, 19 қыркүйек 2016 жылы кеңсе меңгерушісі Ж.Ерубаеваның төрағалық етуімен Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесіне сәйкес, «Құжат айналымын қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруға басшылық жасау» атты тақырыпта кезекті семинар сабағы өткізілді.

Семинар жұмысында сот төрағасы Д.Баймакулов, кеңсе меңгерушісі Ж.Ерубаева, сондай-ақ сот қызметкерлері қатысты.

Азаматтық процестік кодекстің жаңашылдықтары

19/09/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьялары мен кеңсе мамандары арасында «Азаматтық процестік кодекстің жаңашылдықтары» атты тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағында, судья Б.Ж.Тажмұхан,өз баяндамасы негізінде Азаматтық процестік кодекстің жаңашылдықтары туралы нақты түсіндірді.