Архив событий

06/09/2016

Афганистан азаматтарына заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін сотталды.

06/09/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында судья Ш.Н.Кадировтың төрағалық етуімен 2016 санды әскери бөлімнің бөлімше командирі ефрейтор Туракбаев Ануар Ниеталиевичтың ҚР-сы ҚК-нің 394 бабының 2-ші бөлімімен күмәндалған және сотқа келісімдік іс жүргізу тәртібімен келіп түскен қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс бойынша басты сот мәжілісі тағайындалды.

06/09/2016

Семей гарнизоны әскери сотымен ҚР ҚК-нің 293 бабының 2 бөлімінің 1 тармағымен, 114 бабының 3 бөлімінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін, 30217 әскери бөлімнің қызметкері Ж.Ш. Тойынбаевқа қатысты қылмыстық іс өндіріске қабылданды.

Айппұл жазасы тағайындалды

06/09/2016

Ақтау гарнизонының әскери сотымен ҚР-ның ҚК-нің 441-бабының 1-бөлімімен сотқа берілген лейтенант "Е" қатысты қылмыстық іс  қаралды.

Ақтөбе гарнизоны әскери соты кеңсе меңгерушісі Б.Ж.Омаровты судья лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

06/09/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының ұжымы кеңсе меңгерушісі Омаров Бақытбек Жұмабекұлын 2016 жылғы 17-ші тамыздағы №307 Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Ақтау гарнизоны әскери сотының судья лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтады.

Б.Ж.Омаров 12 жылдан астам сот саласында әр түрлі лауазымда, маманнан бастап кеңсе меңгерушісіне дейін жұмыс атқарған. 2011 жылдан бастан Ақтөбе гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі болып істеді.

Судьялар әдебінің қағидалары мен ережелері кодексінің жобасы талқыланды

06/09/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотының екінші жартыжылдық жоспарына сәйкес сот төрағасы Қ.М.Байдуақасовтың төрағалық етуімен үкіметтік емес ұйымдармен «Судьялардың әдеп кодексі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Кербұлақ ауданының интернационалистер қоғамының төрағасы А.А.Касенов және Кербұлақ ауданының «Ардагерлер ұйымы» төрағасы Т.О.Сарыбаев қатысты.

Заңның талабына сай.

06/09/2016

Сотқа талапкер «48386 әскери бөлімі» РММ-сі жауапкер Н.М.Мадалбаевтан 3 493 800 тенге  мемлекет пайдасына ақшалай компенсацияны  өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер 48386 ә/бөлімінде 27.12.2003 жылдан 2014 жылдың тамыз айына дейін аға маман лауазымында әскери қызметін  атқарған және ҚР Қарулы Күштер қатарынан жастық шегіне байланысты жұмыстан босатылған.

Әскери сот талап арызды толығымен қанағаттандырды.

06/09/2016

Сотқа талапкер «40275 әскери бөлімі» РММ-сі жауапкер А.Жайылмысов 96 095 тенге  мемлекет пайдасына материалдық зиянды  өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер қызметте себепсіз жағдаймен үш және одан көп сағат  болмауына байланысты, теріс қылықтарымен әскери қызметінен шығарылған. 192 190 теңге сауықтыру жәрдемақысын алған. Еңбек демалысы оған 2016 жылға берілген, алайда ол 07.07.2016 жылы әскери бөлім тізімінен шығарылған, соған орай ол жұмысын өтемей еңбек демалысын алған.

Талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

06/09/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен 2 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі «2038 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің М.Алпысбаевқа тұрғын үйді жалдауға төленген  2 515 483  (екі миллион бес жүз он бес мың төрт жүз сексен үш) теңге қаражатты өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Электрондық құжат айналымы, электрондық цифрлық қолтаңба

06/09/2016

Шымкент гарнизонының әскери сотының төрағасы Ғ.Қ.Мынбатыровтың төрағалық етуімен және соттың судьяларымен кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде  іс-жүргізушілік мерзімді сақтау» тақырыбында семинар өтті.