Архив событий

26/09/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өткізілді

26/09/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотының жұмыс жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 21 қыркүйек күні Ақтау гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні»  өткізілді.

«Ашық есік күніне» қатысушыларды Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.Алдабергенов пен кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат  қабылдады.

Іс-шараға 25744, 2201,6656 әскери бөлім  өкілдері мен тілші қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.

«Ашық есік күнінде» өткізілді

26/09/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.С.Молдабаевпен «Ашық есік күні» іс шарасы өткізілді, қатысушылар мемлекеттік органдардын қызметкерлері Б.Ешен және А.Бурбаев болды.

"Ашық есік күнінде» арыз беру, талап арыздар беру жайында сот төрағасымен консультация берілді. Келушілер қызықтырған сұрақтарға жауаптарын алып,іс-шараға қабылдап қатысқандарына алғыстарын айтты.

Өткізілген іс-шараның мақсаты азаматтардың құқытық мәдениетін жоғарту және сот әділіне қол жетімділік.

«Жаңа Ережелер және мұрағаттық істердің Тізбесі» талқыланды

26/09/2016

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2016 жылғы 16 мамырдағы  № 6001-16-7-4/98 өкімімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметінде құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағида мен құжаттардың сақталу мерзімі тізбесі бекітілді.

Осы ретте, Өскемен гарнизоны әскери сотымен «Жаңа Ережелер және мұрағаттық істердің Тізбесі» атты тақырыпта сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Тілге құрмет – Елге құрмет

26/09/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында «Тілге құрмет – Елге құрмет» тақырыбында семинар өткізілді.

Осы соттың бас маманы-Сабыров М.Б. семинар сабағында барлық қатысушыларға еліміздегі мемлекеттік тілдікөтеру бағытынды жасалып жатырған іс-шаралар туралы кеңінен әңгімелеп берді.