22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотының маманы Н.Жунисова Ностальжи радиосында «22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні» туралы сұқбат берді.

Өз сөзінде Н.Жунисова  22 қыркүйек күні еліміздің елеулі мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған. Тіл - тұмар, тіл - елдіктің туы. Тілді сақтап, оны келешектің керегіне жарату үшін қызмет ету - өз халқын сүйетін кез келген азаматтың парызы мен міндеті. Ана тілімізді мақтан етеміз.

Сонымен қатар,  Н.Ж.Жунисова  «Ана тілі – ол халықтың мәдени және тарихи  жады, баға жетпес мұрасы. Оның сақталуы және өркендеуі әрбір адам үшін маңызды болып табылатындығын атап өтті.

«Ностальжи» радио толқынының эфирінде Н.Ж.Жунисова барлық Қазақстандықтарды 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күнімен құттықтады.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі