Әскери сот Әкімшісі басшысының орынбасары таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Әскери сотында Әскери сот Әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов ұжымға сот әкімшісі басшысының орынбасары Біржан Саутовты таныстырды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындығы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы 6 наурыздағы Өкімімен Әскери соттың әкімшісі басшының орынбасары лауазымына Саутов Біржан Абдімүтәліпұлы тағайындалды. 

Б.Саутов өзінің сот жүйесіндегі еңбек жолын 2011 жылы бастаған. Әр жылдары «Астана қалалық сотының кеңсесі» ММ-де экономист, бас маман, материалды-техникалық қамтамасыз ету бөлінің басшысы болып жұмыс атқарған. Осы кезге дейін «ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясы» РММ-де Әкімшілік қамтамасыз ету қызметінің басшысы болып жұмыс істеген.

Әскери сот Әкімшісінің басшысы Н.Байтілесов Б.Саутовты жаңа қызметімен құттықтап, еңбегіне жеміс тіледі.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі