Әскери қызметші пара бергені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизонының әскери сотында ҚК-нің ҚК-нің 367 бабының 1 бөлігімен (лауазымды тұлғаға жеке өзіне пара беру) көзделген қылмысты жасағаны үшін ҚР Ұлтық Ұланы Әскери институтының әскери қызметшісі капитан А.-қа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.

Сотталушы А., лауазымды тұлға бола тұра, 2017 жылғы 13 қаңтарда, Петропавл қаласында, Әскери институтының оқу корпусында сондай ғана лаузымды тұлғаға – полковник Қ.-қа, өзіне бағынған курсанттарға дене шынықтыру жөніндегі емтиханды тапсыруға жәрдем ету үшін, 20 000 теңге көлемінде пара беріп, сол күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерімен ұсталған.          

Сотталушы "А" және Петропавл гарнизоны әскери прокурорының арасында кінәсін мойындау жөніндегі мәміле түріндегі процессуалдық келісім жасалды. 

Соттың үкімімен сотталушы айыпталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселігі көлемінде (400 000 теңге) айыппұл жазасы тағайындалды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі