Әскери қызметші «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес қылмыстық жазадан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы 27 ақпанда Талдықорған гарнизонының әскери сотымен  18... әскери бөлімінің әскери қызметкері майор «Д» қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, майор «Д» 18.... әскери бөлім командирінің 2012 жылдың 28 қарашасындағы бұйрығымен киім-кешекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған. Сотталушы «Д» қызмет бабын пайдалана отырып, алаяқтық жасаған. Яғни, қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер, бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткізілмеген.

Сотталушы «Д» өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, заттай мүлікті есептен шығаруға арналған лауазымдық өкілеттігі жоқ болса да Қ-ны киім-кешек берешегін есептен шығарамын деп, - адастырған. Яғни, киім-кешекті есептен шығару үшін заңсыз іс-әрекеттермен берешегі жоқ деген анықтама берген. Алайда, әскери бөлімнің қаржы қызметімен Қ-ның берешегі анықталар еді. Осылай, Қ-ның ақшасын алдау арқылы сотталушы «Д» алған.  Оның іс әрекетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлері жолын кесіп, ақшаны алып жатқан кезде ұстағандықтан, оның еркіне байланысты емес мән-жайларға байланысты өз қалауы бойынша ақшаны иемдене алмаған.

Сот үкімімен «Д» Қазақстан Республикасының ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі және 190 бабы 2 бөлігі 3 тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық  жасағаны үшін  кінәлі деп танып, оған 2 (екі) жылға бас бостандығынан айырып, билік өкілінің функцияларын жүзеге асыру лауазымдарында, ұйымдастыру-басқару және әкімшілік-шаруашылық функциялары мен Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, басқа да әскери қызметінде мемлекеттік қызметтерді атқару құқығынан 3 (үш) жылға айырылды.

ҚР ҚК-нің 63 бабына сәйкес 2 жылға жазаны шартты түрде есептелген.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2 бабы 3 бөлімі 2 тармағына сәйкес қылмыстық жазадан босатылды.

Қазақстан Республикасының 49 бабының 1 бөлігіне сәйкес «Д» «майор» әскери атағынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі