Шымкент гарнизоны әскери сотында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери соты қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» заңымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар тақырыбында Қазақстан Республикасы Әскери сотының Ішкі қауіпсіздікті және соттардағы сыбайлас жемқорлықты алдын алу бөлімінің бас маманы С. Асильбеков семинар өткізді.

Семинар барысында С.Асилбеков Қазақстан  Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы  және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығын, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сананы қалыптастыру туралы өзекті мәселелер түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмай оның алдын алу мақсатында,  сот қызметкерлеріне әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауды, келеңсіз жағдайларға жол бермеуді және бөгде адамдармен процессуалдық емес қатынастарға бармауды, сот ғимаратына ұялы телефондардан басқа  смартфондар, планшеттер, смарт сағаттар алып кіруге тыйым салынатыны туралы айтып өтті.

Сонымен қатар сот процесіне қатысушының қаза табу фактісіне ерекше назар аударды аталған төтенше жағдайды болдырмауға қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді   тапсырды.

Іс шараға қатысушылар қызықтыратын сұрақтары бойынша түсіндірулер  берілді.  

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі