Семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен медиацияны қолдану салаларын одан әрі ұлғайту мақсатында, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытында пилоттық жоба іске қосылды.

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Бабатовпен судьялардың қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже»  тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шара барысында А.Бабатов пилоттық жобаның міндеті азаматтық сот ісін қарауда медиацияны енгізу, татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатынын атап өтті.

Семинар сабағы соңында, сот төрағасымен судьяларға істерді қарауда медиацияны қолдану санын көбейтуді тапсырды.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі