Семей қаласының қорғаныс істері басқармасы бастығына қатысты үкім оқылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотымен пара алған үшін Семей қаласының қорғаныс істері басқармасы бастығы «Ы» және оның сыбайласы «Т» қатысты үкім оқылды.

Қылмыстық істің  материалдарына сәйкес, 20 қаңтар 2017 жылы Семей қаласында Семей аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері барысында, ҚР міндетті әскери қызметіне жіберуге құжаттарды шұғыл рәсімдеуге көмек көрсеткені үшін азамат Р. Игеновтан және А. Даниярдан сыбайласы «Т»  арқылы 300000 теңге сомасында заңсыз ақшалай сыйақыны алу барысында Семей қаласының қорғаныс істері басқармасы бастығы «Ы» ұсталды.

Сотта сотталушылар өздерінің кінәларын толығымен мойындап, процесстік келісімді өз қалаулары бойынша жасағандарын айтып, процесстік келісімді қолдады.

Сот үкімімен «Ы» және «Т» ҚР ҚК-нің 366 бабының 3 бөлімі 4 тармағында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, олардың әр қайсысына жаза ретінде 21 млн теңге мөлшерде айыппұл салынды.

Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік органдардағы қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Семей қаласының қорғаныс істері басқармасы бұрынғы бастығы «Ы» әскери шені «полковник» атағынан айырылды.

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі