Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің басшылығымен және кадеттерімен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Е.Ахметжанов генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің  басшылығымен және кадеттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мектептің оқытушылық құрамына және кадеттерге  Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы және Қазақстанның  Конституциялық реформаларын жүзеге асыру бойынша тапсырмалары  түсіндірілді.

Сот  төрағасы қатысушылардың назарын Жолдаудың бесінші басымдығына аударып, осы басымдықпен Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күрес  және қауіпсіздік саласындағы институционалдық өзгерістерді белгілеп, онда  әкімшілік және қылмыстық  заңнаманы ізгілендіру, қоғамға  қауіптілігі жоғары емес экономикалық құқық бұзушылық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту, азаматтардың  сот жүйесіне деген  сенімінің артуына қол жеткізу қажеттігі және судьялардың  жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою тапсырылғанын айтты.

Сонымен қатар, Е.Ахметжанов Қазақстан Республикасы Президенті 25.01.2017 жылы конституциялық реформалар жобасын талқылауға ұсыну туралы Жарлыққа қол қойғанын айтты. Мемлекет басшысы билік тармақтары арасындағы  өкілетіктерді тиімдірек, тұрақты және жаңа елімізді басқару жүйесін құру мақсатында бөлді. Мемлекет басшысымен ұсынылған бес институционалды реформалардың жүзеге асырылуының бірі - Үкіметке  экономика саласында  қосымша атқару  өкілеттіктерін беруін қарастырады.  Бұл жағдайда қорғанылуға дайындық, мемлекеттік басқарудың сыртқы саясаты, Конституцияны қорғау, мемлекеттік  билік тармақтары арасында тиімді  жұмысты қамтамасыз ету туралы негізгі мәселелер Президенттің құзыретінде  қалады, - деді ол. 

Қатысушылар сот жүйесіндегі өзгерістер, яғни үш сатылы жүйеге көшу, әскери соттардың құзыреті және олардың басқа жалпы юрисдикциялық соттардан айырмашылығына қызығушылық танытып,  басқа да сұрақтар қойды.

Төраға Е.Ахметжанов  кез келген азамат өзін қызықтырған сұрақтарды ҚР Әскери соты төрағасының жеке блогына «askeri.sud.kz»  сайты арқылы жолдап, оларға қысқа мерзімде жауап алатынын айтып өтті.

Сонымен  қатар, бас маман А.Советбеков  тыңдармандарға «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінің жаңа мүмкіндіктері туралы және басқа да сот жүйесіне енгізіліп жатқан жаңа инновациялық технологиялар туралы  түсіндірді.

Мектеп басшылығы алған ақпараттары, сот жұмысымен танысуға мүмкіндік алғандары және қызықты  өткізілген кездесу үшін сот төрағасына  алғысын білдірді.  

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі