Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы «Қарулы Күштер Ардагерлері» ШҚОФ АҚО-ның құрылуына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакулов Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы «Қарулы Күштер Ардагерлері» ШҚОФ  АҚО-ның құрылуына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты.

Аталған іс-шара барысында «Қарулы Күштер Ардагерлері» ШҚО АҚО филиалының  төрағасы, ҚР ҚК-нің құрметті ардагері Т.Ж.Билялов аталған ұйымның құрылуы, дамуы мен жетістіктері жайлы айтып өтті. 9 ақпан 2012 жылы ШҚО АҚО «Қарулы Күштер Ардагерлері» филиалы  құрылған. Негізгі мақсаттары – Қарулы Күштер ардагерлерінің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау, ҚК ардагерлерінің өз тәжірибелерін әскери басқарма штабтары мен қол басшылықтарына методикалық-практикалық көмек көрсету, Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметкерлердің тәрбие алуына үлестерін қосу болып табылады.

Негізгі міндеттерінің бірі Ұйым мүшелері мен олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік және құқықтықтық қорғау бойынша шаралар ұйымдастыру, әскери басқарма қолбасшылығы мен басшыларына, ҚР ҚК мекемелері мен әскери бөлімдерде әскери тәртіп пен әскердегі құқықтық тәртіптің нығаюына  көмек көрсету, қоғамда әскери қызметтің беделін арттыру, жеке құрамның арасында құқықтық білімді насихаттау болып келеді.

Шара барысында, сот төрағасы Д.Баймакулов Қарулы Күштер Ардагерлерін құттықтап, ұйым төрағасына мемлекеттік емес ұйымдардың  республика әскери соттарымен өзара қарым-қатынасының қоғамдық жұмыстарына және әскерде тәртілік пен заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етудегі жеке сіңірген еңбегі үшін алғысын білдірді.

Соңында сот төрағасы барлығына мықты денсаулық, береке және үлкен жетістіктерге жетулеріне тілек білдірді.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі