«Микс» радиосындағы шығарылым

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотының бас маманы Д.Сарсембаева Микс радиосына «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру туралы» тақырыпта ақпарат берді.

Д.Сарсембаева өз сөзінде, жеке және заңды тұлғалар өздеріне ыңғайлы уақытта үйден шықпай, кеңседе отырып, ғаламтор желісі арқылы электронды нұсқада арыз, шағым, өтініштерін жіберуге, мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеп, сот актілерін көруге, басып шығаруға, сондай-ақ процесуалдық мерзімдерді бақылауды «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып жүзеге асыруға болатынын айтып өтті.

Сонымен қатар, сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу сот өндірісін жеңілдетіп, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне әкеліп соқтыратындығы маманмен айтылды.

Өзінің сөзінің соңында, сот маманы ақпараттық және инновациялық технологияларды енгізу – нақтылық пен мінсіздікке жетелейтін нақты жол екенін, оның өзі Қазақстан сот жүйесінің беделінің оңды қалыптасуына нақты қадам екенін айтты.

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі