«Мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында судьялар, әскери прокурорлар, әскери тергеу басқармалардың өкілдері және әскери бөлімдердің заңгерлері қатысуымен дөнгелек үстел өткізілді.

Судья Ж. Туленова  баяндама жасап, өзінің баяндамасында, Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал  қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады. Мемлекеттік тіл-  мемлекеттің бүкіл аумағында  қоғамдық қатынастардың барлық саласында колданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және   іс қағаздарын жүргізу тілі. 

Дөңгелек үстел барысында  төраға Ғ.Мынбатыров мемлекеттік, жергілікті уакілетті және атқарушы органдарына  Қазақстан Республикасында  мемлекеттік тілді барынша дамытуы жүктелген, халықаралық беделін нығайту, барлық республика азаматтарымен  мемлекеттік тілді еркін және  тегін   меңгеруге   қажетті жағдай жасау керектігін  айтып өтті.

Дөңгелек стол  қорытындысы бойынша қатысушылармен мемлекеттік органдар арасында құжат айналымы тек мемлекеттік тілде қолдануды бір ауыздан қолдады.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі