"Медиацияны қолдану туралы"

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2016 жылғы 4 мамырда «Медиацияны қолдану туралы» тақырыбымен әскери сотының төрағасы А.О. Исабековпен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Отырыста әскери соттың және Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасының қызметкерлері, Қостанай облысы медиация Орталығының директоры  Қ.К. Ахмединова, Орталықтың кәсіби медиаторы Ә.С. Еслямғалиев қатысты.

Кездесудің барысында Орталықтың директоры Қ.К. Ахмединовамен жиналған «дөңгелек үстел» қатысушыларының назарына медиация бойынша азаматтық-құқықтық даулардың, сондай-ақ, партисипативтік рәсімі бойынша дауларды реттеу мәселелері  жеткізілді.

Медиатор Еслямғалиев осы процедуралар сот қаржылық шығындарымен салыстырылғанда медиацияның шығындары төмен болғанына, уақыт шығындары қысқартылғанына және құпиялылығына пәрмендік механизм болып шығады деді.

Әрі қарай, ол тараптардың бір жағы мемлекет болып шыққанда, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық туралы істер бойынша медиацияның қолдануы мүмкін емес деді.

Тақырып бойынша қатысушыларға тиісті түсініктемелер және қойылған сұрақтарына жауап берілді.  

«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша ҚР-сы «Медиация туралы» Заңының талаптарын сәйкес орындау, медиация қолдану жөніндегі ақпараттық жұмысты белсендіру туралы шешім қабылданды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі