Келтірілген материалдық залал оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер  «68 655 әскери бөлімі» РММ-сі  жауапкер «Н»-дан келтірілген материалдық залал 46 100 теңгені мемлекет пайдасына өндіру туралы талап арызбен Шымкент гарнизоны әскери сотына жүгінді.

Аталған талап арыз Қазақстан Республикасының АПК-нің 146-бабының талаптары негізінде сот өндірісіне оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға қабылданған.

Азаматтық іс құжаттарына қарағанда, жауапкер «Н» 07 сәуір 2015 жылы  3 жыл мерзімге келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданып, киім-кешекпен қамтамасыз етілген.

Алайда, 30 мамыр 2016 жылы жауапкер «Н» теріс себептермен әскери қызметтен босатылған, сондықтан киім кию мерзімінің аяқталуына дейінгі уақытына  теңбе-тең  есептеудегі  нысанды киім құны 46 100 тенгені құрайды. Жоғарыдағылардың негізінде, сот жауапкерден мемлекет пайдасына 46 100 теңге келтірілген материалдық залал өндірілуге жатады деп тапты.

Шымкент гарнизоны әскери сотының 10 наурыз 2017 жылғы шешіміне сәйкес,  талапкердің талап арызы қанағаттандырылып, жауапкер  «Н»- дан мемлекет пайдасына келтірілген метариалдық залал 46 100 теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енбегенген.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі