Келтірілген материалдық залал оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер  Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ «2087 әскери бөлімі» РММ-сі  жауапкер  «С»-тен  келтірілген материалдық залалды мемлекет пайдасына өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Аталған талап арыз Қазақстан Республикасының АПК-нің 146-бабының талаптары негізінде сот өндірісіне оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға қабылданған.

Азаматтық іс құжаттарына қарағанда, жауапкер «С»  әскери бөлімінің автокөлік қызметі бастығының лауазымын атқарып жүріп, автокөлік және арнайы техникаларға қолданылатын жанар жағармай материалдарын  дұрыс есептемей, жалпы 268 563 теңгеге жанар жағармай материалдарын заңсыз шығарған.  

Жауапкер  «С»  материалды жауапты тұлға екендігін ескере отырып,  сот жауапкерден мемлекет пайдасына 268 563 теңге келтірілген материалдық залал өндірілуге жатады деп тапты.

Шымкент гарнизоны әскери сотының шешіміне сәйкес,  талапкердің талап арызы қанағаттандырылып, жауапкер  «С»- тен мемлекет пайдасына келтірілген метариалдық залал 268 563 теңге өндірілді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі