«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауды жүзеге асыру» атты тақырыптағы дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауды жүзеге асыру» атты тақырыптағы дөңгелек үстелді өткізді.

Іс шараға Ақмола гарнизоны әскери  прокурорының орынбасары Е.Қожа Ахмет, ҚР Қарулы Күштері әскери полициясының бас басқармасының басшысының орынбасары Б.Каракучуков, Ақмола гарнизонының әскери полициясының басшысының орынбасары Б.Ихтымбаев, Ақмола гарнизоны бойынша әскери полициясының бөлім басшысы  К.Джумабаев, ҚР Қарулы Күштері әскери полициясының бас басқармасының анықтаушы офицері А.Свиридонов, Ақмола гарнизонының әскери полициясының анықтаушы офицері Д.Жоламанов, сонымен қатар ҚР Ұлттық Ұланының 5573 әскери бөлімі бойынша әскери полициясының бөлімше басшысы Е.Алимбаев. 

Сот төрағасы Е.Ахметжанов дөңгелек үстелді аша отырып, сот жүйесі құқық үстемдігі мен баршаның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ететінін, Жолдауды табысты іске асырудың маңызды буыны болып табылатындығын атап өтті.

Іс шараның барысында Президенттің өз жолдауында  азаматтардың өмір сапасын жақсарту туралы,  адами капитал сапасының басымдықтарын, еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағынан дамуы  үшін іс шаралар қабылдау қажеттігі туралы баяндағаны айтылды. Елбасының  бесінші басымдығы – институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес ретінде  белгіленуі ерекше айтылды. Онда  әкімшілік және қылмыстық  заңнаманы ізгілендірген қоғамға  қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту, азаматтардың  сот жүйесіне деген  сенімінің артуына қол жеткізу қажеттігі және судьялардың  жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жоюы тапсырылған.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары Елбасы Жолдауының еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңыздылығын туралы ортақ ой түйіп, Елбасы қойған барлық міндеттер сапалы және тиімді орындалатынына сенім білдірді.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі