Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шымкент гарнизоны әскери сотында судьялар мен сот мамандарының қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиналысты сот төрағасы Ғ.Мынбатыров ашып, әйелдер ұжымын көктем мерекесімен құттықтап: «Қадірлі кыз-келіншектер! Мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін біз Сіздерді қашанда құрметтейміз! Сіздерді алдағы келе жатқан Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесімен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт және жұмыстарыңызға жетістіктер тіледі.

Оған қоса, судья Б.Каипов әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, оларға жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шара барысында, жетістіктерге қол жеткізіп, қызметтік міндеттерін адал да абыроймен атқарып сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін  Шымкент гарнизоны әскери сотының бас маманы А.Тасболатова  сот төрағасымен марапаталып, Қазақстан Республикасы Әскери соттың Әкімшісі басшысының алғыс хаты табысталды.

Салтанатты жиын соңында ұжымдағы қыз-келіншектрге силықтар мен гүл сыйланды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі