Борышкерден әскери институтта оқуға кеткен берешек мемлекет пайдасына өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы «6699 әскери бөлімі» РММ-нің борышкер Г.-дан Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі Әскерлер әскери институтында оқуға кеткен 4 682 128 теңге қаражатты өндіріп алу бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызы негізінде азаматтық ісі қаралды.

2009 жылдан бастап 2013 жыл аралығында борышкер Г. Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі Әскерлер Петропавл әскери институтында оқыған, сондай-ақ онымен оқу орнын аяқтаған соң 10 жыл әскери қызметті өткеру туралы келісім шарт бекітілген. Осылайша, борышкер оқу орнын аяқтаған соң офицерлік құрамда 10 жыл әскери қызметін өткеруге міндеттенген.

Борышкер Г. оқуды аяқтаған соң 2013 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының әскери бөлімдерінде әскери қызметін өткерген.

19.01.2017 жылы борышкер Г. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР заңының 26 бабы 1 тармағы 13 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы қатарынан шығарылған. Атап айтқанда, «әскери қызметшінің қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелсіз себептермен қызметте болмауы» әскери қызметтен теріс себеп бойынша шығару үшін негіз болып табылады. Осылайша келісім шарт талаптарын бұзған.

Әскери соттың сот бұйрығына сәйкес, борышкер Г.-дан Қазақстан Респбуликасы ІІМ Ішкі әскерлер әскери институтында оқуға кеткен 4 682 128 теңге берешек мемлекет пайдасына өндірілді.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі