Атқару өндірістегі ақпараттық жүйелердің электрондық өзара іс-қимылы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2017 жылғы 7 наурызда «Атқару өндірістегі ақпараттық жүйелердің электрондық өзара іс-қимылы» тақырыбында бас маман Н. Махмұтовпен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Отырыста әскери соттың қызметкерлерімен бірге Қостанай облысының әділет Департаментінің өкілдері Ж. Жақбалиев, Н. Суханов және Н. Аминова мен Қостанай облысының жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының өкілі Қ. Шәймерденов қатысты.

Кездесудің барысында бас маман Махмұтовпен жиналған «дөңгелек үстел» қатысушыларының назарына атқару құжаттар жөніндегі статистикалық мәліметтер жеткізіліп, тиісті органдарда олардың орындау жағдайы мен кезеңдері туралы мәлімдеме жасалды. Соның ішінде, атқару құжаттардың дұрыс орындалмағаны немесе толық орындалмағаны, олардың жоғалтылған жағдайлары туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, бас маман А. Хасенова кейбір электронды түрдегі сот  актілері ешқандай дәлелдерсіз  орындалмай сотқа қайтарылған деп мәлімдеді.

Содан кейін, әділет Департаменті мен Өңірлік палатасының өкілдері  мемлекет тарапынан осы салада өткізілген іс-шаралар, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар ішіндегі өкілеттіктерінің айырмашылғы, жұмыс барысындағы кемшіліктер мен қателіктер туралы хабарлады.

Әрі қарай олар оның түзету жолын белгілеп, атқару құжаттарды электрондық және қағаз нұсқалары түрдей жіберу тәртібін түсіндірді.

Содан кейін, атқару құжаттар өндіріске электронды және қағазды түрде қабылданады деді. Кейбір кезде бір құжаттардың осы екі түрде жіберілгенін айтып өтті. Мұндай жағдайда электронды түрдегі құжат қайтарылады деді.

Құжат қайтарудың себебі оның дұрыс толтырылмағаны да мүмкін деп аяқтады.

Осы тақырып бойынша сот орындаушылар органдарының өкілдері  қатысушыларға тиісті түсініктемелер, ал содан кейін қойылған сұрақтарына жауап берді.  

«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша ҚР-сы «Сот актілерін орындау және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының талаптарына сәйкес атқару құжаттардың орындау мақсатында өзара іс-қимыл күшейту туралы шешім қабылданды.

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі