Артық төленген ақшалай үлесін өндіріп алу туралы талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотымен 2098 әскери бөлімінің Г. Назмутдиноваға 705 158 теңге мөлшерінде артық төленген ақшалай үлесін өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Өзінің талаптарын дәлел ретінде талапкер жағы, автоматтандырылған басқару жүйесі және шекаралық бақылау техникалық құралдары бөлімшесінің технигі лауазымындағы сержант Г. Назмутдиноваға әскери әйел қызметкерге арналған 6 тарифтік разряды орнына әскери ер адамдарға 8 тарифтік разряды қате беріліп, соның салдарынан 2008 жылдан 2016 жылға дейін  Г. Назмутдиноваға  705158 теңге мөлшерінде ақшалай үлес төленген. Сондықтан соттан жауапкер Г. Назмутдиновадан мемлекет пайдасына артық төленіп кеткен ақшалай үлесті өндіріп беруді сұрады.     

Бірақ сот дәлелдерді зерттеуде жауапкер жағы Г. Назмутдинованың теріс пиғылды ретінде тану туралы талапкер жағынан бір де бір дәлел, фактісі анықталған жоқ. Жауапкермен сегіз жыл бойы алып келе жатқан ай сайынғы ақшалай төлемі оның атқарылып жатқан жұмысына берілген жалақысы. Сонымен қатар Г.Назмутдинова өз міндеттерін атқаруда,  қызметінде ешқандай сөгіс алмай, оған қатысты аттестациялық іс-шараларда әрқашан өз лауазымына сәйкес келген. Сондықтан, сот талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі