Алып қашқан қалындықтың ісі бойынша жеке айыптау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотымен келісім шарт бойынша әскери қызметші «Е» мен оның әпкесі «В»-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабы 1 тармағымен қозғалған жеке айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.

Іс бойынша анықталғандай, жеке айыптаушы  «А» сотқа  айыпталушы  «Е» мен «В»-ны  абыройы мен  қадір қасиетін  әдепсіз түрде кемсіткен үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағым берді.  2016 жылы шілде айында  «А»-ны  еркінен тыс үйлеріне алып қашып, «Е»-ге қалындық болуға көндірген.  Бірінші неке түннен кейін жазықсыз жәбірленуші «А»- ның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiткен.  Жәбірленуші «А» дәрігер-гинеколгпен тексеріліп, сараптама қорытындысына сәйкес «А»-ның абыройсыз екені өз дәлелін таппаған.  Соған  қарамастан  жеке айыпталушылар  «Е» мен «В»   жәбірленуші «А»-ның абыройы мен қадір қасиетін әдепсіз түрде кемсітетін сөздерін айтуын тоқтатпаған.  Сот отырысы барысында «Е» мен «В» кінәларын мойындамай, «А»-мен татуласу рәсімнен бас тарты.

Шымкент   гарнизоны   әскери сотының үкімі негізінде  «Е»   мен «В»    Қазақстан Республикасы  қылмыстық кодексінің 131 бабының 1 тармағымен теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп табылып,  жаза ретінде тиісті «Е»-ге 20 АЕК, ал «В»-ға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалған.

Сотталушылар «Е»  және «В» үкіммен келіспей  апелляциялық сот алқасына шағымданған. Сотталушылардың шағымы апелляциялық  алқасымен    қанағаттандырусыз  қалдырылған.

Үкім заңды күшіне  енді.    

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі