Алматы гарнизоны Әскери сотының судьясы Қ.Естай 68602 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен жұмыс кездесіну өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны Әскери сотының судьясы Қ.Естай 68602 әскери бөлімінің офицерлері мен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерімен жұмыс кездесу өткізді.

Аталған шараның мақсаты әскери қызметкерлерге қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңдарының, сонымен қатар ҚР Үкіметімен 2012 жылғы 28 тамызда қабылданған №1092 «Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидаларын бекіту туралы» және №1091 «Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қаулыларының нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу болатын.

Сонымен қатар, судья әскери бөлімнің әскери қызметкерлерімен, олардың жалпы құқықтары мен міндеттемелері туралы түсіндірме бойынша жеке сұхбаттар жүргізді. Нәтижесінде қойылған сұрақтарға өз орнымен жауаптар берілді. 

Кездесу соңында қатысушылар бір-бірімен сұрақтармен алмасты. 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі