Ақтөбе гарнизоны әскери сотында сот орындаушыларымен жұмыс кездесуі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі Г.Т.Битова және  Ақтөбе облысы бойынша Әділет Департаментінің өкілі бөлім басшысы Н.Құлыбекұлы, жеке сот орыншаушы К.Ж.Танкаев және кеңсе мамандарымен Ақтөбе гарнизоны әскери сотында «Сот орындаушылармен электронды қарым-қатынас ақпараттық жүйесінде туындаған проблемалық сұрақтарды, оның ішінде мемлекеттік және жеке сот  орындаушылар тарапынан атқару өндірісін қозғаудан бас тартуды, атқару парақтарын негізсіз қайтаруды   талқылау және шешу» тақырыбы бойынша жұмыс кездесуі өткізілді. 

Кеңсе меңгерушісі 2016 жылдың наурыз айынан бастап атқару парақтары электронды түрде әділет органдары мен жеке сот орындаушылар палаталарына «Төрелік» ақпараттық-талдамалы жүйесі және атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жолданады. Осы жаңашылдықты жүзеге асыру барысында атқару парағын беру уақыты қысқарды және электронды атқару парағы жолданғандықтан, атқару парақтарын жоғалтып алу мәселесі түбегейлі шешімін тапқандығын түсіндірген.

Сонымен қатар Әділет Департаментінің өкілі егер борышкердін атында жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік тіркелмегендігі туралы мәліметтер болғанда жағдайда  атқару парағы қайтарылантындығы және де 3 жыл ішінде қайтарылған атқару парақтарды орындауға қайтадан беруге құқығы барын түсіндірілді.

Жұмыс кездесуге қатысушылар осы талқыланған тақырып бойынша өзара ой-пікірлерімен бөлісті.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі