Ақтау гарнизоны әскери соты жеке сот орындаушылармен жұмыс кездесуін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Атқару өндірісін қозғаудан бас тарту, атқару парақтарын негізсіз қайтару» тақырыбы бойынша жеке сот орындаушылармен кездесу өткізілді.

Шараны өткізудің мақсаты – сот актілерін орындау барысында  туындайтын өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын табу.

Шараға кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат, сот мамандары және жеке сот орындаушылар қатысты.

Кездесу барысында кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат ҚР АПК-не сәйкес және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңына сай жеке сот орындаушыларға және мемлекеттік сот орындаушыларға сот актілерін орындауға жолдау тәртібі бойынша түсініктеме беріп,  мемлекет кірісіне мүлікті тәркілеу, сот шығындарын және мемлекеттік бажды өндіру бөліктері бойынша сот актілерін орындау барысында туындайтын мәселелерді атап өтті.

Қатысушылар өздерінің пікірлерін айта отырып, жұмыс барысында туындаған мәселелер бойынша ой бөлісті. 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі