Ақмола гарнизоны әскери сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Бабатовпен «Ұзақ мерзімде орындалмаған сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Ақмола гарнизоны әскери сотының судьялары Е.Ибраимов, Т.Королевская, кеңсе меңгерушісі Б.Төлебаева, Ақмола гарнизоны Әскери прокурорының орынбасары Е.Кожа-Ахмет, Астана қаласы Сарыарқа  ауданының пробация қызметінің басшысы Б.Ибрагимов, Астана қаласы Есіл ауданының пробация қызметінің басшысының міндетін атқарушы А.Каримова, Астана қаласы Алматы ауданының пробация қызметінің басшысы Ж.Балгабаев,  Әділет Департаменті Есіл ауданының территориялық бөлімінің басшысы  аға сот орындаушысы А.Саменкулов, Астана округі бойынша жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы М.Мусабекова қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Б.Толебаева және бас маман сот отырысының хатшысы М.Ибраева сотта бақылауда тұрған ұзақ мерзімде орындалмаған сот актілерінің мәселелері, сот орындаушыларының электронды орындау құжаттарын қабылдаудан бас тарту және қайтару бойынша, сонымен қатар, басты мәселе болып отырған сот органдарының ақпараттық жүйесі «Төрелік»   пен сот орындау өндірісі органдарының АИС ОИП бағдарламасы арасында өзара байланыс бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар, прокурордың орынбасары Е.Қожа-Ахмет 2016 жылдың тамыз айында Ақмола гарнизоны Әскери сотына өткізілген кеңестен кейін  Әділет Департаменті  тек әскери соттардың орындау өндірісімен айналысатын төрт мемлекеттік сот орындаушы бөлгенін айтты.

Іс шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар сот актілерін орындау мәселесінің шешілу жолдарымен және өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесуді қорытындылай келе, сот  төрағасы А.Бабатов әріптестеріне қатысқандары үшін алғыс білдіріп, тығыз және жемісті ынтымақтастықта әріптестікте болуға шақырды. 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі