Ақмола гарнизоны әскери соты «Ашық есік күнін» өткізеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 16 наурызында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Ақмола гарнизоны әскери сотында төраға А.Бабатовтың  қатысуымен «Ашық есік күні»  өткізілетіндігін хабарлаймыз.

Аталған іс шара азаматтардың құқық мәдениетінің деңгейін жоғарылату, сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ, сот әділдігінің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Іс шара барысында барлық ниет білдірушілерге құқықтық көмек және кеңестер беріледі.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі