8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Әскери сотта мерекелік шара өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Әскери сотында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуіне орай салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға әскери соттардың төрағалары мен судьялары, сот Әкімшісінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.  

Ұжымның нәзік жанды жартысын Әскери соттың төрағасы Сәкен Абдуллаев құттықтады.

С.Абдуллаев өзінің құттықтау сөзінде, әйелдердің отбасында және салауатты, дамыған және тұрақты қоғамның қалыптасуында ерекше орнын атап өтті.

«Құрметті ханымдар, Сіздер әлемге жылулық, нәзіктік пен махаббат сыйлайтындарыңызға алғысымызды білдіреміз. 8 наурыз мерекесі қарсаңында, сіздердің барлықтарыңызға және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, қуаныш пен армандарыңыздың орындалуын тілеймін. Әрқашанда, жүздеріңіз жарық, әдемі және нұрлы болыңыздар», - деді сот төрағасы.

Сот әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов мазмұнды баяндама жасап, мерекенің тарихына тоқталып өтті.

Оған қоса, әйелдер ұжымын әскери соттардың судьялар одағы филиалының төрағасы Ербол Ахметжанов және Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Алмат Бабатов құттықтады.

Сонымен қатар, сот төрағасы С.Абдуллаев Қазақстан Республикасы Әскери сотының кеңсе меңгерушісі Б.Төлемырзаеваға жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендігі үшін алғыс хат табыс етті.

Мереке құрметіне ұжымның әйелдер қауымына гүл шоқтары мен естелік сыйлықтары табысталды.    

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі