8 Наурыз халықаралық әйелдер күні мейрамы қарсаңында!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні мейрамы қарсаңында Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Бабатов бастаған ұжымы еңбек сіңірген сот қызметкері Макеш Кашенқызы Жылқайдарованы құттықтады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 24 қыркүйек айындағы № 1 қаулысына сәйкес, Ақмола гарнизоны әскери сотының судьялық құрамын белгілеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетіне Ақмола гарнизоны әскери сотын Астана (Ақмола) қаласында құрауға тапсырма берілді.

М.Жылқайдарова Ақмола гарнизоны әскери сотында құрылған күнінен бастап, 1995 жылдын шілде айынан бастап 2008 жылдын маусым айына дейін, кеңсе меңгерушісінің лауазымынан  зейнетақыға шықты.

Сот төрағасы ұжымнын атынан  Макеш Кашенқызы Жылқайдарованы Халықаралық әйелдер күнімен шын ниетпен құттықтап, зор деңсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына тыныштық пен татулық, қуаныш,  үй ошағының жылулығын тіледі.

 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі