Архив событий

06/08/2016

«Медиация күні» аясында ашық есік күні өткізілді

06/08/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2016 жылғы 5 тамызда төрағаның міндетін атқарушы М.И. Аманжоловпен Қостанай гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскерилерін, қызметшілерін және олардың отбасыларының мүшелерін қабылдауымен «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қабылдау Қостанай облысы медиация Орталығының директоры  Қ.К. Ахмединова, Орталықтың кәсіби медиаторы Ә.С. Еслямғалиев және «Қостанай таңы» облыстық газетінің тілшісі А.Айқадамованың қатысуымен өткізілді.

«Медиация туралы» ашық есік күні өткізілді

06/08/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Халықаралық Құқыққорғау Орталығы» қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторлары Ә.Е.Кемаладинова, Н.К.Сатканованың, Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасының, Ақтау гарнизоны бойынша ҚР ҚМ әскери полиция бөлімінің және ҚР ҚМ 29011 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерінің қатысуларымен Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылданған күніне орай «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күнін» өткізді

06/08/2016

28.01.2011 жылы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды.

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі.

Қазіргі уақытта сотта істерді қарау кезінде татуластыру рәсімдерін, соның ішінде медиацияны кеңінен қолдану заң үстемдігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі болып табылады.

«Медиация туралы» Заңға арналған «Ашық есік күні» өткізілді

06/08/2016

05 тамызда Қарағанды гарнизоны әскери сотында бұқаралық ақпарат құралдарының - теледидардың, сонымен қатар тілшілердің, медиатордың және әскери бөлімдердің  өкілдерінің қатысуларымен  «Медиация туралы» Заңның  бес жылдығына орай «Ашық есік күні»өткізілді.

Іс-шараға әскери сот төрағасы Қ.С.Байжанов.,   кәсіби емес медиатор В.Е. Юрченко қатысып, медиацияның не екендігін және де сол институттың тәжірибе жүзінде қалай жұмыс істейтіндігіне   тоқталды.

«Құжат айналымын қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруға басшылық жасау туралы»

06/08/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының кеңсе мамандары арасында «Құжат айналымын қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруға басшылық жасау туралы» атты тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Семинар сабағында, бас маман – сот мәжілісінің хатшысы М.Б.Сабыров, өз баяндамасы негізінде іс қағаздарын жүргізу ҚР сот органдарының «Төрелік» СО АЖ қоланылып, жүргізіледі.

"Медиация" туралы дөңгелек үстел

06/08/2016

2016 жылы 05 тамызда Талдықорған гарнизонының әскери сотында дауды медиация тәртібімен шешу және оны рәсімдеу мәселелерін түсіндіру тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге әскери  соттың судьялары Б.К.Аралбаев, Е.Б.Абдуллин, Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің  өкілдері кәсіби медиаторлар Ш.С.Бектасова, К.Т.Мастекбаев, Р.Мыңжасарова, Талдықорған гарнизонының №№5514, 18404, 54380, 18386, 48386 әскери бөлімдерінің заңгерлері және «Талдықорған» газетінің жауапты хатшысы журналист А.Уразаева қатысты.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында жаңа заңнамаға сәйкес медиацияны қолднау туралы сұрақтарға қатысты «дөңгелек үстел» шарасы өткізілді.

06/08/2016

Ағымдағы жылдың 30 маусымында Қазақстан халықтар Ассамблеясы және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты  арасында медиация институтын дамыту туралы  Меморандумға қол қойылды.

2016 жыл 5 тамызында медиацияны дамыту аясында, Ақтөбе гарнизонының әскери сотында төрағаның м.у.а. судя А.У.Ахметовпен бірге кәсіби медиатор С.К.Изтурганованың қатысыуымен  ашық есік күні өтті.

Бұл іс шараға кәсіби медиатор, прокуратура органының өкілі, сондай-ақ әскери бөлімдердің заңгерлері қатысты.