«Медиация туралы» ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Халықаралық Құқыққорғау Орталығы» қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторлары Ә.Е.Кемаладинова, Н.К.Сатканованың, Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасының, Ақтау гарнизоны бойынша ҚР ҚМ әскери полиция бөлімінің және ҚР ҚМ 29011 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерінің қатысуларымен Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылданған күніне орай «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот төрағасы М.С.Алдабергенов өзінің сөзінде, медиацияның өзектілігі мен тиімділігі, медиация рәсімдерін қолдану бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін, халық арасында осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді, оны халыққа кеңінен насихаттаудың маңыздылығы, сонымен қатар оның қолдану аясы, қылмыстық істерді қарау барысында медиацияны қолданудың деңгейі туралы, ол белгілі бір мақсаттарға жету үшін, тараптармен ерікті түрде таңдалған, сотқа дейінгі дауды реттеу тәртібі болып табылатынын айтып өтті.

Сонымен қатар, қылмыстық және азаматтық істерді қарауда медиативтік процедураларды қолдану, Қазақстан Республикасында медиация процедуралары бойынша сұрақтар талқыланды.

Кәсіби медиаторлар Ә.Е.Кемаладинова, Н.К.Сатканова Маңғыстау облысы бойынша «Халықаралық Құқыққорғау Орталығы» қоғамдық бірлестігінің жұмысын «Ашық есік күні» шарасына қатысушылардың назарына жеткізіп,туындаған сұрақтарға жауап берді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі