Архив событий

19/08/2016

«Ашық есік күні» өткізілді

19/08/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында кезекті  «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. Сот төрағасы  Қ.С. Байжанов  бұл күні   әскерилерді жеке қабылдап, олардың  сұрақтарына нақтылы жауаптар берді.

Әскери қызметшілер Н.М. Садықов, Е.Б. Әкебеков, А.В. Касперовке, азаматша Д.Е. Сүйіндіковаға тұрғын үй, неке және от басы туралы,   еңбек заңдарының кейбір нормаларымен қатар  туындаған  мәселелерді шешу жолдары   түсіндірілді. 

Ашық есік күні өтті

19/08/2016

2016 жылдың 18 тамыз күні қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында  азаматтардың құқық мәдениетінің деңгейін жоғарылату, сот жүйесіне сенімін арттыру мақсатында  «Алқабилер соты- оны  қолдануды кеңейтудің болашағы» атты тақырыпта ашық есік күні өтті.

Іс  шараны өткізу барысында ашық есік күніне келушілер  қылмыстық істерді алқабилердің қатысуларымен қарау тәртібі және істерді қарау кезінде  қиындық туғызатын мәселелермен,  алқабилердің алқасының  құрылымымен танысты.   

Талап арызды қабылдаудан бас тартылды.

19/08/2016

Семей гарнизоны әскери соты талапкер К.Ш. Касанованың 6679 әскери бөліміне жұмыстан шығару бұйрығын күшін жойып, өзгерту туралы талап арызы қабылдаудан бас тартылды, себебі 2014 жылы 20 ақпанда Семей гарнизоны әскери сотының судьясы Б. Абдукаликовтың төралығымен К.Ш. Касанованың арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешімі шығарылған болатын.