Архив событий

05/08/2016

«Медиация туралы» Заңның талаптарын түсіндіру мақсатында дөнгелек үстел өткізілді

05/08/2016

Семей гарнизоны әскери сотында «Медиация туралы» Заңының талаптарын түсіндіру»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Семей гарнизоны әскери соты төрағасының міндетін уақытша атқарушы судья А.А.Байсалканова, кәсіби емес медиатор, әскери прокуратура, әскери бөлімнің өкілдері  қатысты.

«Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылау мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді

05/08/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотында «Медиацияны дамыту орталығы» Ассоциясының кәсіби медиаторы А.Кузьминнің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы 5518 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерінің  қатысуымен «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылау мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот қаулысына сәйкес борышкердің мүлкіне тыйым салынды

05/08/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен «2034 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі» РММ-нің М.Сержановтан тұрғын үй жалдауға заңсыз төленген 1 337 097 теңге өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот шешіміне сәйкес, жауапкерден ҚР ҰҚК Шекара қызметі «2034 әскери бөлімі» РММ-нің пайдасына 1 337 097  теңге өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

«Қылмыстық істерді сотта келісімдік іс жүргізуде қарау» атты тақырыпта семинар өткізілді

05/08/2016

1 қаңтар 2015 жылдан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi «Процестік келісім» атты жаңа тарауды қамтиды.  Процестік келісімнің сот тергеуі түрлеріне қарағанда басқа да өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер процестік келісіммен келіп түскен іс бойынша судьяның әрекетінде, сот талқылауы тәртібінде көрініс табады.

Осы орайда, сот төрағасы м.а. А.Е.Даменов сот қызметкерлері арасында «Қылмыстық істерді процестік келісім бойынша қарау» атты тақырыпта семинар өткізді.

Пәтерге меншік құқығын тану туралы талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

05/08/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талап қоюшы Г.Арендт жауапкер «Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі» РММ-нен жылжымайтын мүлік құқығының күшіне иелену мерзімін тану туралы  азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында анықталғаны,  даулы пәтер қызметтік тұрғын үй ретінде Г.Арендтің бұрыңғы жубайы А.Арендтке және жанұясына берілген, бірақ ол 1981 жылы ажырасқаннан кейін Германияға көшіп кеткен. Содан соң Г.Арендтің арызымен 1989 жылы Талдықорған аудандық пайдалану бөлімімен  оның атына  ордер жазылып берілген.

Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу ережесі зерделенді.

05/08/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында кеңсе меңгерушісі Б.Ж.Омаровтың төрағалық етуімен мамандар арасында сотта іс қағаздарын жүргізу тәртібін зерделеу бойынша семинарлық сабақ өткізілді.

Сотқа келіп түсетін хат-хабарлар кеңсе мамандарымен күнін, уақытын, хат-хабарды алушының аты-жөні мен қолы қойылуы керектігі қатаң ескертілді. Кеңсе қызметкері келіп түскен хат-хабардың, бандерольдың және пакеттердің ашылмағандығын тексеріп, оның келіп түскен хат бойынша нөмірімен салыстыру арқылы тексеріп отыру керек.

Сот талап арызды қанағаттандырды

05/08/2016

Ақтау гарнизоны әскери соты талапкер ҚР ҚМ «Ақтау аудандық пайдалану бөлімі» РММ-нің жауапкер Ж.Сулейменовке, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы - "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" Департаментіне, Мұнайлы ауданының Әкімдігіне 17.07.2014 жылғы Мұнайлы ауданы Әкімдігінің № 255-Қ қаулысын, 05.12.2013 жылғы «Мұнайлы аудандық архитекторлық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің № 1272 бұйрығының күшін жою, Ж.Е.Сулейменовке № 0190468 иелену құқығымен берілген көлемі

«Электрондық сот ісін жүргізу және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде іс-жүргізу мерзімін сақтау»

05/08/2016

Ақтау гарнизоны әскери  сотында «Электрондық сот ісін жүргізу және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде іс-жүргізу мерзімін сақтау» тақырыбында семинар өткізілді. 

Семинар сабағына кеңсе мамандары қатысты.

«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын талқылау бойынша семинар өткізілді

05/08/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотында сот қызметкерлері арасында «Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын талқылау бойынша семинар өткізілді.

Бас маман – сот отырысының хатшысы И.Е.Енсенова, осы Заңның Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді және қоғамдық қатынастарды реттейді, пошта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, пошта саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретiн айқындайтынын айтып өтті.